Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге шақырды

Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге шақырды
Фото: Абай облысы ТЖД

Әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірлерінде тез еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, автокөлік жолдарын шайып, бірнеше елдімекендерді су басыпты. Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен.

Мұның себеп, салдарын құзырлы мекемелер анықтап, мәселенің түйінін шешу жолдарын іздестіре жатар. Мемлекет тарапынан үйлерін су шайып кетіп, далада қалған ағайынға толыққанды көмек көрсетілетініне сенім мол. Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу ең басты парыз. "От пен су - тілсіз жау" - қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын!", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина