Астанада үй қызметшісі бірқатар ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Астанада үй қызметшісі бірқатар ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді
Фото: depositphotos.com

Астанада үй қызметшісі бірқатар ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы аудандық Полиция бөлімінің полицейлері жұмыс берушілерден алтын бұйымдарды ұрлауға қатысы бар үй қызметшісін ұстады. Қазіргі уақытта пәтер ұрлығының төрт дерегі белгілі болды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер жәбірленушілерде жұмыс істеген 25 жастағы қызды анықтады. Жұмыс берушілердің отбасылары тек ұсыныс бойынша ғана келіп, олардың сеніміне әбден кіріп алған. Үйде аз уақыт жұмыс істегеннен кейін, ол құнды заттарды алып шығып, ломбардқа тапсырған.

Зергерлік бұйымдардың жоғалғанын бірден байқамаған жәбірленушілер кейін полицияға жүгінген.

Осы дерек бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, ломбардтардан алтын бұйымдар алынды. Күдікті барлығын мойындады. Ұсталған адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды бейтаныс адамдарға сенбеуге және бағалы заттарды қараусыз қалдырмау керегін ескертеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина