Астанада автобус өртеніп кетті

Фото: видеодан кадр

Астанада автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Куәгерлер "Премьера" тұрғын үй кешені маңындағы Қабанбай батыр көшесінде автобус өртеніп кеткенін айтты.

Астана ТЖД мәліметінше, құтқарушылар өртті ауыздықтаған.

"30 наурызда сағат 14:27-де Астана ТЖД өртсөндірушілері Қабанбай батыр даңғылы 5/3 мекенжайы бойынша автобус жанып жатқан жерге шықты. Өртсөндірушілер жеткеннен кейін автобустың қозғалтқышы жанып жатқанын анықтады. 14:35-те өрт оқшауланды, 14:40-та өшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Астана ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова