Су тасқыны: Ресеймен шекарада кептеліс пайда болуы мүмкін

Су тасқыны: Ресеймен шекарада кептеліс пайда болуы мүмкін
Фото: depositphotos.com / aapsky

Су тасқыны салдарынан Қазақстан-Ресей шекарасында кептеліс пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының кейбір бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысы шектелуі мүмкін", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Осы учаскелердегі өткізу пункттерінің алдында кептеліс пайда болуы мүмкін екені ескертілді.

Ведомство қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршруттарын өзгертуді ұсынады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова