ТЖД Алматы облысы тұрғындарына ескерту жасады

ТЖД Алматы облысы тұрғындарына ескерту жасады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тұрғындарға қар көшкініне байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидрометтің 29 наурыздағы №11 көшкін қаупі туралы ескертуі негізінде 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында қар еруіне, тұрақсыз жағдайға, сондай-ақ Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде күтілетін қатты жауын-шашынға байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

"Қар басқан беткейлерге шықпаңыздар. Тауда абай болыңыздар", - деді ведомство өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова