Қарағанды облысында 3 мыңнан аса адам жолда қалып қойған

Қарағанды облысында 3 мыңнан аса адам жолда қалып қойған
Фото: видеодан кадр

Қарағанды облысында полиция су басқан жерлердегі жол қауіпсіздігін тәулік бойы бақылап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

30 наурыз сағат 11.00-дегі жағдай бойынша республикалық және облыстық жолдар мен жергілікті тасжолдардың 10 учаскесі ерекше бақылауда. Осы маңызды жұмысқа жеке құрамның 86 қызметкері және 42 техникасы жұмылдырылған.

Облыс жолдарында шамамен 350 жеңіл көлік, 320 жүк және 26 қоғамдық көлік, сондай-ақ, 3 мыңнан аса жолаушы қалып қойған.

"Қарағанды облысы тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, алыс жолдарға шықпауға шақырамыз", - деді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Дәулет Қонақбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова