1,2 миллиард теңгеге шарт жасалған: Қостанай облысында ауруханаға қатысты қылмыстық іс басталды

1,2 миллиард теңгеге шарт жасалған: Қостанай облысында ауруханаға қатысты қылмыстық іс басталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында жөндеу жұмыстары аяқталмаған ауруханаға байланысты қылмыстық іс басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысының прокуратурасы тексеру комиссиясымен бірлесіп, облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану мәселесі бойынша тексеріс жүргізді.

2020 жылғы 21 шілдеде "Қостанай облыстық балалар ауруханасы" КМК тапсырыс берушісі мен "Вершина" ЖШС мердігері арасында 1,2 миллиард теңге сомасына ғимаратты күрделі жөндеуге шарт жасалған.

"Мердігердің атына 921 миллион теңге аударылды, алайда жұмыстар аяқталған жоқ, жасалған шарт бұзылды", - деп жазылған Қостанай облысының прокуратурасы хабарламасында.

Тексеріс нәтижесінде "Вершина" ЖШС мекен жайындағы ақшалай қаражаттың бір бөлігі жөндеу жұмыстары орындалғанын растайтын құжаттарсыз негізсіз аударылғаны анықталған.

Осы дерек бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша соталды тергеп-тексеру бастады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова