Көктемде дәрумен жетпейтіні қалай көрінеді?

Көктемде дәрумен жетпейтіні қалай көрінеді?
Фото: elements.envato.com

Маусым ауысқан кезде адамда дәрумен тапшылығы туындайды, адамдардың 80 пайызы осындай жағдайға ұшырайды. Бұл туралы №11 қалалық емхана директорының орынбасары Алмаш Ардабаева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Витамин тапшылығы денсаулықтың нашарлауына, иммунитеттің төмендеуіне және соның салдарынан ауруларға әкеп соғуы мүмкін.

Маман бұл құбылысты "гиповитаминоз" ағзадағы дәрумендердің төмен деңгейі деп атаған дұрыс екенін жеткізді. Бұл климаттың ерекшеліктеріне, өмір салтына және тағамға деген талғамға тікелей байланысты.

Көктемгі витамин тапшылығының белгілері:

- апатия және бұрын ләззат алған нәрселер мен әрекеттерге қызығушылықты жоғалту;
- суық тию және мұрыннан су ағу жиілейді;
- бір немесе бірнеше созылмалы аурулардың өршуі;
- ұйықтап кету қиындайды, ал таңертең ұйқыдан тұру одан да қиын болады;
- түнде сағат 2:30-дан 3:30-ға дейін жиі ояну;
- теріде безеудің пайда болуы немесе терінің шамадан тыс құрғауы;
- шаштың сынуы және тырнақтың бөлінуі;
- іш қату, бұзылу және гастрит түрінде асқазан-ішек жолдарында бұзылыстың пайда болуы;
- қызыл иектің кенеттен қанап кетуі;
- зейіннің болмауы;
- бастың жиі ауыруы;
- құлақтың шулауы және жеңіл бас айналу.

"Осы тізімдегі кемінде екі белгі болса, ол көктемгі авитаминозбен жедел күресу қажеттігін білдіреді", - деді Алмаш Ардабаева.

Көктемгі витамин тапшылығы ересектерде ғана емес, балаларда да көрінеді. Осы кезеңде адамның өзін қалай сезінетініне мән беру керек.

Сарапшы диетаға көбірек балық, жаңа сығылған шырындар, түрлі көкөністер, жемістер мен шөптерді қосуды ұсынады. Консервіленген тағамдардан бас тартқан жөн. Ағзадағы дәрумендердің деңгейін бақылау маңызды.

Теңдестірілген диетадан басқа, таза ауада жиі серуендеу және тұрақты спорттық жаттығулар витамин тапшылығын жеңуге көмектеседі.

Дәрумен тапшылығы салдарынан болған ангина (тонзиллит), суық тию белгілері, мұрынның бітуі, құлақтың қабынуы (отит) сияқты аурулардан емделуде лор-дәрігер көмектеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова