Қарағанды облысындағы су тасқыны: 12 жол жабылды

Фото: видеодан кадр

Қарағанды облысында еріген су салдарынан республикалық маңызы бар төрт жол және облыстық маңызы бар сегіз жол жабылды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар осы жерлерде кезекшілік етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдегі жағдайға байланысты полицейлер көлік жүргізушілерін аз-аздан жіберіп жатыр. Жолдың жабылуы салдарынан 150 көлік жолда тұрып қалған. Жеңіл көліктер мен ауыр жүк көліктері Қарағанды мен Ақсу-Аюлы арасындағы жолда тұр.

"Қарағанды облысындағы жолдардың 37 учаскесін еріген қар суы шайып кетті. Осыған байланысты республикалық және облыстық маңызы бар сегіз жол жабылды. Ақсу - Аюлы ауылының маңындағы Қарағанды - Балқаш жолының учаскесінде еріген қар суы толып кетті, тереңдігі 50 сантиметрден асады. Полиция қызметкерлері жолдарды жапты, олар күшейтілген режимде қызмет атқарады. Қарағандыдан шығар жолда 150-ден аса көлік жиналды. Жүргізушілерді қауіпсіздік мақсатында алыс сапарлардан бас тартуға шақырамыз", - деді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары су тасқыны қаупі бар аймақтардан халықты эвакуациялауға жұмылдырылған.

"Халық Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Біздің қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейді", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова