Алматыда бірқатар алаяқтықпен айналысқан егде жастағы әйел ұсталды

Алматыда бірқатар алаяқтықпен айналысқан егде жастағы әйел ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда бірқатар алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтаудың 57 жастағы тұрғыны аңғал тұрғындарға пәтер мен көлікті нарықтағы құнынан төмен бағамен сатып алуды ұсынған.

Жәбірленушілердің қаражатын иемденіп алған әйел оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің 3 алаяқтық дерегіне қатысы дәлелденді. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматша қамауда отыр, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан