Жетісу облысында суға батып кеткен балықшы өлі табылды

Жетісу облысының құтқарушылары су қоймасында қаза тапқан балықшының денесін алып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, 28 наурызда Алакөл көліндегі Жайпақ ауылынан 5 шақырым жерде желдің екпіні секундына 12 метрге дейін күшейіп, салдарынан мұз ойылып, балықшы суға батып кеткен.

ТЖД құтқарушылары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Бүгін сағат 14:54-те құтқарушылар күшімен қайтыс болған балықшының денесі су қоймасынан шығарылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!