Медреседе ойын автоматы тұр - депутат

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Қазақстандағы медреселердің бірінде ойын автоматы тұрғанын, онда адамдар бәс тігіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жаңадан ашылатын онлайн казиноларды ғана емес, алпауыт компаниялар үшін де қатаң заңдар шығаруымыз керек. Біз ойынқұмарлық, бәс тігу туралы айтқанда "Сәтті Жұлдыз" ұлттық операторын ұмытып кетеміз. Ол - монополист компания. Оның бөлімшелері бүкіл үйде, дүкенде, тіпті діни мекемелерде де бар", - деді Руслан Берденов Мәжілісте.

Оның айтуынша, еліміздегі медреселердің біріне лотомот қойылғанын, онда адамдар бәс тігіп жүр.

"Кеше мен видео көрдім. Онда діни мекеменің (медресенің - еск.) өзіне де (лотомат - еск.) қойыпты. Жасы да, кәрісі де ойнап жүр", - деді депутат.

Берденов медресе қайда орналасқанын айтпады.

"Мән-жайды толық айта алмаймын. Бүгінде лотоматтар арқылы лоторея және құмар ойындарды онлайн ойнауға болады. Кеше маған видео жіберді. Медреседе осындай аппарат қойылыпты. Онда бәс тігіп, түрлі төлемдер жасауға болады", - деді Руслан Берденов.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!