Мәскеудегі теракт: Тәжікстанда 9 адам ұсталды

Тәжікстанда Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы теракт жасады деген күдікке ілінгендермен байланысы бар тоғыз адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәжікстанның арнайы қызметіндегі дереккөздің РИА Новостиге хабарлауынша, лаңкестік әрекетті жасағандармен байланыста болған Вахдат облысының тоғыз тұрғыны ұсталды. 

Сондай-ақ, ұсталғандар ДАИШ-пен (ДАИШ - Қазақстанда тыйым салынған ұйым - еск.) байланыста болған деген күдікке ілінген.

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.

Оқиға салдарынан 140-тан аса адам қаза тапты.

Сонымен қатар, бұған дейін Мәскеудегі терактке қатысты күдіктілер, олардың сыбайластары болуы мүмкін адамдар, күмәнді жазбалар жазған суретші ұсталды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!