Дэниел Розенблюм: Америкалықтар Қазақстанды Ауғанстан немесе Пәкістан сияқты ел деп ойлайды

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің айтуынша, америкалықтардың мұндай ассоциациялардың пайда болуы ел атауындағы "стан" жалғауына байланысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі BES.media-ға сілтеме жасап. 

Мәселенің мән-жайы

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм BES.media сайтының бас редакторы Серікжан Мәулетбайға берген сұхбатында Қазақстан АҚШ-та қалай қабылданады, сондай-ақ, америкалықтар елімізді кіммен немесе немен байланыстырады деген сауалға жауап берді.

"стан" жалғауы

"Олар "стан" деген жалғауды көргенде, оны кейде "стан"-мен аяқталатын басқа елдермен шатастырады. Осылайша олар Қазақстанды Ауғанстан немесе Пәкістан сияқты ел деп есептейді. Сондықтан мұның мүлде басқа ел екенін түсіндіруге тура келеді. Оның тарихы басқа, саяси жағдайы басқаша және т.б. ", - деді Дэниел Розенблюм.

"Борат" фильмі

"Тағы бір мәселе - "Борат" фильмі. Қазір ол көп талқыланбайды, бірақ бұл фильмді көптеген америкалық көрді. Мен америкалықтарға "Борат" фильміндегі Қазақстан ойдан шығарылған дүние екенін түсіндіремін. "Борат" фильмінің нағыз Қазақстанға еш қатысы жоқ", - деді елші. Ол уақыт өте келе америкалықтардың бұл ассоциацияларын өзгеретінін айтты.

Америкалықтардың көзқарасы өзгеріп келеді

"Мен екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынастың ең жақсы кепілі тұлғааралық байланыстардың болуы деп сенімдімін. Бұл үкіметтердің бір-бірімен өзара әрекеттесуі туралы сөз емес. Бұл адамдар арасындағы қарым- қатынас - people to people. Мен өз жұмысымның бір бөлігін жасап жүрмін. Айтпақшы, сіздердің Вашингтондағы елшіңіз Ержан Ашықбаев та америкалықтардың білімін арттыруға өз үлесін қосып жүр", - деп елші өз сөзін түйіндеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!