Алматы облысында жолда көкпар ойнағандар жазаланды

Алматы облысында жолда көкпар ойнағандар жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының хабарлауынша, сотта Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Қ. және М. қатысты әкімшілік іс қаралған. 

2024 жылғы 24 наурызда сағат 00:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы Алматы көшесінде Қ. және М. 20-ға жуық шабандоздың қатысуымен көкпар ойынын ұйымдастырып, автокөлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды.
2024 жылғы 26 наурыздағы сот қаулысымен құқық бұзушылар Қ. және М. ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып оларға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!