Миллиард теңгелік жалған шот-фактуралар: Астана тұрғыны сотталды

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті "Каз Монтаж Энерджи" ЖШС атынан 1 миллиард аса сомаға жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді жүзеге асырмай, жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингіне сілтеме жасап. 

Ұйымдастырушы 2021 жылғы желтоқсаннан бастап 2022 жылғы маусымға дейінгі аралықта Астанада бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы "Каз Монтаж Энерджи" ЖШС атынан "ТазалыкЭксперт" ЖШС және "Bertys Construction" ЖШС-не іс жүзінде қызмет көрсетпестен шот-фактуралар жазып берген.

Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқықбұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген хабарламада. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз