"Ол сені өлтіреді". Айтбек Амангелді сотта қарындасымен болған әңгімені жариялады

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасымен сөйлескен әңгімелерінің бірін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевпен пәтерде төбелесіп қалғаннан кейін не жайлы сөйлескенін айтты. 

"Сен ең алдымен өзіңді ойлашы. Жауап берші, сен бақыттысың ба? Мен жаққа келіп, менің үйімде тұрсаң болады. (...) Бізге сенің аман болғаның керек", - деген Айтбек. 

"Иә, мен оны жақсы көремін" - деп жауап берген Салтанат. 

"Ол сені өлтіріп тастауы мүмкін" - дейді Айтбек. 

"Мен онсыз өмір сүре алмаймын" - деген Салтанат. 

"Психологпен сөйлесші. Өзіңнің жеке психологыңмен сөйлес. Суреттерді көрсет" - дейді Айтбек. 

"Егер ажырасып кетсем өмір сүре алмаймын" - деген Салтанат. 

"Олар (психологтар) саған бұл махаббат емес екенін, бұл психикалық ауытқу екенін түсіндіреді" - дейді Айтбек. 

"Сен ештеңе білмейсің. Әуел бастан мен өзім кінәлімін. Біздің оқиғамызды білмейсің ғой" - деген Салтанат.  

"Сен оны қаншалық жақсы көрсең де мен оны өлтіремін. Саған ондай қарым-қаынас жасауына жол бермеймін" - деген Айтбек. 

"Ол менің күйеуім ғой" - деген Салтанат. 

"Сонда да бұл дұрыс емес. Ол сенің тек жігітің. Сендер үйленбегенсіңдер" - дейді Айтбек. 

Айта кетейік, Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев тек некелерін қидырған. Заңды некеге тұрмаған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!