Алматыдағы бизнес-орталықтан өрт шықты: адамдар эвакуацияланды

Алматыдағы бизнес орталықтардың бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, 29 наурызда сағат 10:04-те Медеу ауданы, Достық даңғылы, 38 мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі күштер мен құралдар жіберілді.

"Оқиға орнына жеткен кезде 9 қабатты бизнес-орталық ғимаратының сегізінші мен тоғызыншы қабат аралығындағы кеңседе 30 шаршы метр аумақта өрт шықты. Қабылданған шаралардың арқасында өрт оқшауланды", - делінген хабарламада.

Келушілер ғимараттан шығып, қауіпсіз жерге орналасты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз