"Сүйіп қалған ғой". Желіде жарияланған курьердің видеосы жұртты күлкіге қарқ қылды

Әлеуметтік желіде курьердің жолдағы биі тарап кетті. Видеоны TikTok жеоісіндегі _kdbrgnv_07 аккаунты жариялаған - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ауызашардан кейінгі сен" деп жазған автордың жариялаған видеосы көпшілікті күлкіге батырды. Видеоға 40,9 қолданушы ұнату белгісін басып, 757 қолданушы пікір жазған.

@_kdbrgnv_07 #Ифтар #glovo #😂 ♬ оригинальный звук - Медер Сагынов

Желі қолданушылары "осындай адамдарды жақсы көремін", "клиенттері қосымша ақша берген ғой", "бақыттан басы айналып жүр", "жаным, сүйкімді билеп қояды", "еңбегі жана берсін", "сүйіп қалған ғой" деп жазды. Сондай-ақ, "сырттан түсіргенді қашан қоясыңдар, үйге қайтарда музыка қойып билеп қайтқан ұнайды" деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!