Мәскеудегі теракт: лаңкестерді қаржыландырған күдікті ұсталды

23 наурызға қараған түні Мәскеуде ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде теракт болды. Бұл оқиғаға қатысты жаңа деректер шығып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейдің тергеу комитеті мәліметінше, лаңкестерді қаржыландыру схемасына қатысқан тағы бір күдікті анықталып, ұсталған. 

"Тергеудің бастапқы нәтижелері террористік әрекеттер жоспарланғанын, қылмысты ұйымдастырушылардың мұқият дайындығы мен қаржылық қолдауы болғанын толық растайды", - деп жазылған Тергеу комитеті мәліметінде.

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.

Оқиға салдарынан 140-тан аса адам қаза тапты.

Сонымен қатар, бұған дейін Мәскеудегі терактке қатысты күдіктілер, олардың сыбайластары болуы мүмкін адамдар, күмәнді жазбалар жазған суретші ұсталды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!