Алматыда бүгін де дауыл бола ма?

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері ауа райына байланысты тұрғындарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

29 наурызда Алматы қаласының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда батыс жақтан қатты жел соғып, жел екпіні секундына 22-28 метрге дейін жетеді.

Азаматтар дауыл кезінде не істеуі керек?

  • Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы ескерту жарияланған жағдайда таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.
  • Егер тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райын қадағалаңыз.
  • Үйге тәуліктің кеш уақытында қайтпаңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
  • Рюкзактарда мына қажет заттар болуға тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы. GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

"Ауа райына байланысты азаматтық қорғау қызметтері, мердігерлік ұйымдар дайындықта, ТЖД күштері мен құралдары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылып, жоғары дайындық деңгейіне келтіріліп, жедел топ жұмысы құрылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда дауыл салдарынан мектеп пен колледж ғимараттарының шатыры ұшқаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!