Желіде жаңбыр астында жалаңаяқ билеген алматылық қыздың видеосы тарады

28 наурызда сағат 17:30 шамасында Алматыда ауа райы күрт өзгерді, қалада шаңды дауыл соғып, артынан жаңбыр жауды. Такси бағасы көтеріліп, алматылықтар Желіде қорқынышты кадрларын бөлісті. Дегенмен, ауа райының бұзылуы көңіл-күйін көтерген адамдар да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Life" сілтеме жасап.

Жаңбыр астында жалаңаяқ билеп тұрған қыздың видеосын Tengri Life редакциясына оқырманның бірі жіберген. Видео авторының айтуынша, Алматының шағын аудандарында өте позитивті адамдар тұрады. Ол видеода билеп тұрған қыздың оның көршісі екенін айтты, алайда есімін білмейтін көрінеді. Видеоны түсірген ер адам мен қыз Әуезов ауданы, нөмірі 6 шағын ауданында тұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда шаңды дауыл соғып, артынша жаңбыр құйғаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Рамазан айында оқылатын дұғалар

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!