"Дәрігерлер диагноз қоя алмады". Танымал актер өзіне тіл-көз тигенін жасырмады

"Дәрігерлер диагноз қоя алмады". Танымал актер өзіне тіл-көз тигенін жасырмады
Фото: "Мақсатына жеткендер"

Танымал актер Қуандық Шәкіржанов "Мақсатына жеткендер" хабарына берген сұхбатында өзіне тіл-көз тигенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, кейінгі жылдары денсаулығы сыр берген.

"Бұған дейін маған тіл-көз туралы бірнеше адам айтты. Құдай сақтасын, бұл да бекер емес, тіл-көз бар деп жатады. Алланы ауыздан тастамай, дұғамызды оқып жүреміз. Кейінгі 2-3 жылда аллергия мазалап жүр, әлі күнге дейін толық жазылған жоқпын. Денем кішкене қызарып, бөртіп, көзім ауырып, дәрігерлер оған диагноз қоя алмаған кездері болды. Кім біледі, мүмкін тіл-көз тиген шығар", - деді актер.

Айта кетейік, бұған дейін "Өз себебі бар". Актер Қуандық Шәкіржанов әйелімен бір жыл бұрын бөлек кеткенін айтқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Бала неше айында еңбектеуі керек?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә