Маңдайын төбеге ұрып ала жаздаған Жігер Ауыпбаев жұртты күлдірді

Маңдайын төбеге ұрып ала жаздаған Жігер Ауыпбаев жұртты күлдірді
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев ұзын бойынан басы төбеге тиіп, жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің басы төбеге тиіп, сыймай тұрған видеосын Нұрлан Еспанов әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

"Жігердің бойы биік. Ойы озық азаматқой. Күліп жүрейікші өтініш. Күлмейтіндер! Данышпандар өтініш! Бұл жәй ғана әзілғой", - деп жазған ол видео астына.

Желі қолданушылары өнер иесімен бірге күліп, түрлі пікір қалдырған.

"Жігер ағамның арқасында неше күннен бері күліп жүрміз", "Жігердің басы төбе болып тұр ғой", "Әр қазағым осы Жігердей жаны жұмсақ, бойы биік болсын!", "Осылардың көзі Жігерге тиетін болды-ау", "Тау адам ғой", "Көзіңіз тиіп кетпесін, Нұреке", - деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін "Қойсаңдаршы болды". Жігер Ауыпбаев өзі туралы "суық хабар" таратпауын сұрағаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: С әрпінен басталатын ұл есімдері

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә