Ақбота Керімбекова өз репертуарынан ұялмайтынын айтты

Танымал әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өткен жылдарға шолу жасап, дуэтпен орындаған әндерінің біршамасын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, әнші үшін қиынға соғатын екі дүние бар. Біріншісі, жақсы ән табу, екіншісі, дуэт табу.

"Дүниеде әнші үшін әуелі жақсы ән табу қиын болса, екіншісі, екі әншінің орындауын сұрап тұратын әндерді қосыла шырқауға өзімен дауысы үндесе кететін, ән тағдырын, ән философиясын дәл өзіндей сезіне алатын, әнді жеткізу қабілеті үйлесетін дуэт табу қиын. Мен бақытты әншімін ғой, жоғарыдағы екі маңызды сыннан да сүрінбедім дей аламын. Дарынды авторлар ең жақсы әндерін үзіліссіз ұсынғанының арқасында ұялтпайтын репертуарым қалыптасты, Қазақ ән өнерінің ең таңдаулы, мойындалған, қандай дәуір орнаса да мойындала беретін әншілерімен бір әнді бөлісіп орындадым. Шығармашылық адамдарына мұнан артық не керек?

Сол, өткен жылдарға шолу жасап, дуэтпен орындаған әндердің біршамасын еске түсірейік, иә?", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекова денсаулығына байланысты жеке ән кешін кейінге шегергені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Психосоматика бойынша тамақ ауруы нені білдіреді?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!