"Жаңа қадам". Жанар Айжанова ауызашар үстінде қуанышты жаңалығын бөлісті

"Жаңа қадам". Жанар Айжанова ауызашар үстінде қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: Әлеуметтік желі

Халық әртісі, әнші әрі актриса Жанар Айжанова жақындары мен өнердегі әріптестеріне ауызашар ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы қазақстандық өнер иелерінің біршамасы өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Сонымен қатар, халық әртісі ауызашар үстінде жаңа кәсібін таныстырған. Әнші "Жан ана" атауымен қазақ шайы кәсібін бастаған көрінеді. 

"Жан әпкем ниетіңіз қабыл болсын.
Жанар апам ұсынған тәтті шайдың тұсаукесері", - деп жазған ауызашарға қатысқан әнші Серік Ибрагимов Желідегі парақшасына жүктеген суретте.

Серік Ибрагимовтен бөлек ауызашар кешінде қазақ эстрадасының өзге де әнші, әртістері бой көрсеткен. Мысалы, шайдың таныстыру рәсімінде қызыл лентаны халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов кескен.

Айта кетейік, бұған дейін "90 күннен кейін күйеуге шығуың керек" деді". Жанар Айжанова өзінен 5 жас кіші жігіт неке ұсынғанын айтқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Кемпірдің жағын байлау деген қандай ырым?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә