Алматыдағы дауыл: әуежайда рейстер кешіктіріліп жатыр

Алматыдағы дауылдан кейін қаладағы әуежайда рейстер кешіктіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына байланысты (жаңбыр, дауыл, 30 м/с дейін екпінді жел) рейстер кешіктіріліп жатқанын хабарлады.

"Әуежайдың барлық қызметтері 24/7 күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!