Талғат Сырымбетов Бакудегі бәсекеде алтын алды

Бакуде өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. 60 келі салмақ дәрежесінде айқасқан Талғат Сырымбетов финалда турнир қожайыны Азрак Бабировты жеңді.

Үш раундта да қарқынын бәсеңдетпеген Талғат бірінші раундта-ақ қарсыласының аптығын басып тастаған. Ал үшінші раундта әзірбайжандық боксшы, тіпті, жұдырықтасудан қалды. Нәтижесінде, төрешілердің бірауызды шешімімен отандасымыз жеңіске жетті.

Айта кетейік, осыған дейін финалда жұдырықтасқан Теміртас Жүсіпов (48 кило) пен Тимур Қабдеш (54 кило) қарсыластарына жол беріп, күміс жүлдегер атанған болатын. 

Алдағы уақытта екі боксшымыз алтын жүлде үшін жекпе-жек өткізеді:

-71 кило

16:45. Дархан Дүйсебай (Қазақстан) - Бекзод Хамидов (Өзбекстан);

-92 кило

17:45. Сағындык Тоғамбай (Қазақстан) - Альфонсо Домингес (Әзербайжан).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!