Мәскеудегі терактке қатысты желіде пікір жазған зейнеткер ұсталды

Мәскеуде 22 наурызда ірі көлемде теракт болған еді. Ал Магадан маңындағы ауылда 75 жастағы зейнеткер ұсталды. Ол әлеуметтік желіде "Крокустағы" шабуылға қатысты пікір жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

РИА Новости мәліметінше, ер адам жеті жылға дейін сотталуы мүмкін.

"Ұсталғаннан кейін ол "ақымақтық жасағанын" мойындады", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.

Оқиға салдарынан 140-тан аса адам қаза тапты.

Сонымен қатар, бұған дейін Мәскеудегі терактке қатысты күмәнді жазбалар жазған суретші ұсталды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!