Ақтөбеде автобустар көшеде "жүзіп жүр"

Ақтөбеде автобустар көшеде "жүзіп жүр"
Фото: видеодан кадр

Ақтөбеде автобустар көшеде "жүзіп жүр", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.

Видеолардың бірінде автобус су басқан көшемен келе жатыр. 

Тағы бір видеода жолаушылар автобустың ішіндегі жағдайды көрсеткен. 

Еске салайық, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасаған болатын

Министр жағдайды жеке бақылауына алғанын айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында тіркелгенін мәлімдеді.

"Еріген қар суымен күресу үшін Ақтөбе және Қостанай облыстарына Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен 52859, 20982 әскери бөлімдерінен 220-ға жуық жеке құрам мен 25-тен аса техникадан қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1,5 мыңға жуық адам, 500-ден аса техника, 200-ге жуық су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды", - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін 11 өңірде әкімдіктер мен ТЖД өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылғаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина