Ресейлік телеарнада Назарбаев туралы әзіл көрсетілді

Фото: видеодан кадр

Ресейдің ТНТ телеарнасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы әзіл көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға ТНТ телеарнасындағы "Лига Городов" шоуында болған. Қазақстандық әзілкештер Семей қаласының атынан шыққан. 

Қазақстандық команда есік алдында болған жағдайды көрсетеді. Жігіттер есік алдына кілемнің шаңын қақпақ болғанда кілемнен экс-президент Назарбаевтың суреті шығады. Жігіт абдырап қалып, кілемдегі Назарбаевпен амандасады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЛИГА ГОРОДОВ на ТНТ (@ligagorodov_tnt)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина