Ақтөбе облысында қызу талқыға түскен шенеунік қайтадан жұмыстан қуылды

Ақтөбе облысында жартасқа жазуды ойып жазған шенеунік қайтадан жұмыстан қуылды. Бұл туралы мәдениет вице-министрі Қанат Ысқақов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында Манас Көшербаев Ақтөбе облысындағы Байғанин аудандық мәдениет үйін басқаратыны белгілі болған еді. Енді шенеунік бұл қызметінен де айырылған.

"Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен Манас Көшербаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды", - дейді вице-министр.

Бұған дейін БАҚ-тарда Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалғанын хабарланған. Ер адам балға, бұрағышқа ұқсас затпен жартасқа ойып жазған. Әлеуметтік желілерде ер адамның әрекеті көрінетін видео жарияланды.

Кейіннен ол қызметінен босатылған болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз