Президенттің Қытайдағы сапары басталды

Президенттің Қытайдағы сапары басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына келді. 

Мемлекет басшысын БАФ директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи қарсы алды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарымен болады.

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!