Ақтөбе әуежайы су тасқынынан кейін жұмысын қайта бастады

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе әуе айлағының жұмысы қайта жанданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күні бойы әуе айлағының аумағында Ақтөбе өңірінің құтқарушылары су айдау жұмыстарын жүргізген.

"Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде облыстық маңызы бар автожол учаскесін жасанды түрде жарып жіберді. Бұл жинақталған еріген суды ағызуға мүмкіндік берді. Себебі баламалы айналма жол бар", - делінген хабарламада. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!