Оралда төтенше жағдай жарияланды

Оралда төтенше жағдай жарияланды
Фото: gov.kz

Оралда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ақпаратты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оралда жергілікті деңгейде табиғи төтенше жағдай жарияланды.

Кейінгі мәліметтер бойынша, облыс орталығында 20 тұрғын үй, үш әлеуметтік нысанның жертөлелері мен бес көпқабатты үйді су басқан. Кейінгі аптада жергілікті байланыс орталықтарына мыңнан астам қоңырау түскен.

Қазір облыста су тасқынына қарсы жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Барлық коммуналдық қызмет жұмылдырылды.

Су айдау жұмыстары жалғасып жатыр. Кәріз желілеріндегі апатты болдырмау үшін және іргелес ғимараттарды су басып кетпеуі үшін коммуналдық қызметкерлер үйлердегі су қысымын төмендетті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан