Қандай коммуналдық қызмет түрі айтарлықтай қымбаттады?

Қандай коммуналдық қызмет түрі айтарлықтай қымбаттады?
Фото: depositphotos.com

Ақпанда коммуналдық қызмет бағасы бойынша айтарлықтай өсім тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі finprom.kz деректеріне сілтеме жасап.

Ақпанның қорытындысы бойынша су бұру қызметіне баға жылдық мәнде 33,9 пайызға өсті, бұл кез келген басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда көп.

Қалған коммуналдық қызметтер бойынша да осындай жағдай байқалады:

  • жылыту бойынша баға өсімі бір жылда 30,9 пайыз болған;
  • суық суға 30,8 пайыз;
  • қоқыс төгуге 30,7 пайыз;
  • ыстық суға 29,4 пайыз;
  • электр энергиясына 19,9 пайыз.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар коммуналды төлем бағасы өскеніне наразылық танытқаны хабарланды.

Сонымен қатар, электр энергиясына коммуналдық төлем үшін қосымша көмекті кімдер ала алатыны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова