Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барады

Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сапар аясында Қазақстан Президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр", - деп жазылған Ақорда мәліметінде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова