Алматы облысында 10 күн бұрын жоғалған қызды іздеу үшін көлден бірнеше метр су ағызылады

Алматы облысында 10 күн бұрын жоғалған қызды іздеу үшін көлден бірнеше метр су ағызылады
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен қызды іздеу үшін көл суының деңгейі төмендетіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ktk.kz" сілтеме жасап.

Бала 17 наурызда үйден шығып кетіп, оралмаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған. Полицияға баланың анасы кешке хабарласқан.

Қызды полиция, құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары және тіпті әскери қызметкерлер іздеп жатыр. Осы уақыт ішінде іздеу аумағы едәуір кеңейді. Оған қазір кенттің барлық іргелес аумағы мен көршілес ауылдық округтердің шаруа қожалықтары қосылды.

Жоғалған 3 жасар қызды ауадан тікұшақпен де іздеп жатыр, сондай-ақ 4 дрон қосылды. Іздеуге 25 ит пен 10 атты топ жұмылдырылды. Іздеу операциясына барлығы 300-ден астам адам қатысады.

"Қыз әлі де табылған жоқ. Еңбекшіқазақ ауданы ТЖМ Әскери құралымы іздестіруді сол құрамда жалғастырып жатыр. Іздестіру жұмыстары қыз табылғанға дейін жалғасады", - деді Балтабай ауылдық округінің әкімі Сәуле Әліпова.

Енді ауылдағы көлден бірнеше метр су ағызу жоспарланып отыр. Көл жоғалған қыздың үйінің жанында орналасқан. Бірақ бұл тағы бір аптаға созылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә