"Жаттығу жасатып қоямын". Бақтияр Артаев алғаш рет отбасы туралы айтты

"Жаттығу жасатып қоямын". Бақтияр Артаев алғаш рет отбасы туралы айтты
Фото: "1001 түн"

Боксшы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында алғаш рет отбасы, балалары туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы өзінің қатал әке емес екенін айтады.

"Бұрын қолым босамайтын, жұмысты жүргізу керек болды, ал қазір шүкір бүкіл жұмыс жүйеленді. Қазір балаларыммен айналысамын. Екі баламмен жаттығу жасаймыз, үйде бір бөлмені спортзалға айналдырғанбыз, сол жақта жүгіреміз, таңнан кешке дейін оларға жаттығу жасатып қоямын, өзім де қосылып істеймін. Бірақ мен мүлде қатал емеспін, ал екі қызым одан да жібітіп тастады. Бұрын кішкене қаталдау едім. Қыздарым "әкешім" деген кезде ери беремін. Қыздарым дүкенге барса, 100 мың теңгеге дейін жаратып тастайды. Мұны құрбылары, олардың ата-анасы көріп, "әкелерің осылай бере-береді ме?" деп сұрайды екен, оған қыздарым "иә, бере береді" деп жауап беретін көрінеді. Олар "дұрыс, кейін тұрмысқа шыққанда, күйеу бала майдаланбайды" депті, - деді боксшы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә