Астана – Шымкент бағытындағы пойызда кішкентай қыздың тұсауы кесілді

Астана – Шымкент бағытындағы пойызда кішкентай қыздың тұсауы кесілді
Фото: видеодан алынған кадр/otyrar.kz

Астана – Шымкент бағытындағы пойызда тұсау кесер рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Айжұлдыздың тұсауын Астана – Шымкент бағытындағы №85 пойыздың бастығы Сәуле Қыдырәлиева қиды.

Қыздың ата-анасы Сүйеніш Сейсембаев пен Мөлдір Оразбай баласының тұсауын кесу үшін пойызды бекер таңдамаған, өйткені отбасының екі ұрпағы көп жыл бойы теміржол саласында еңбек еткен. 

Жас ата-ананың екі қызы бар.

Шараның бастамашысы жолаушылар вагонының жолсерігі Диана Бимбетова болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан