Қазақстанда 1-сыныпқа өтініш қабылдау қашан басталады? Қандай құжаттар керек?

Қазақстанда 1-сыныпқа өтініш қабылдау қашан басталады? Қандай құжаттар керек?
Фото: Tengrinews.kz

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ата-аналар баланың құжаттарын Электрон үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес, лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық бала, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты бірінші сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған", - деді Орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева.

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан