Астанада мердігерлер өз қаражатына жолдарды қайта жөндейді: көшелер тізімі

Астанада жауапсыз мердігерлердің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Олар қаладағы жолдарды сапасыз жөндеген.

Көктемде көшедегі жолдардың сапасы тексерілді. Осылайша, 2021-2022 жылдар аралығында жөнделген көшелерден ақау табылды.

Тізім мынадай:

  • Жетіген көшесі А. Пушкин көшесінен Ж. Досмұхамедұлы көшесіне дейін – "Сотис групп" ЖШС;
  • А. Иманов көшесінің бойында А. Янушкевич көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін – "Айя Сервис" ЖШС;
  • Алаш тас жолы жол өтпесінен Жолымбет көшесіне дейін – "Айя Сервис" ЖШС;
  • Мәңгілік ел даңғылы М1 көпірінен Бұқар жырау көшесіне дейін – "Компания Энергодор" ЖШС;
  • Қабанбай батыр даңғылы бойында Сарайшық көшесінен Қорғалжын тас жолына дейін – "Сотис групп" ЖШС;
  • Жеңіс даңғылы бойында Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін – "Сотис групп" ЖШС;
  •  Р. Қошқарбаев даңғылы бойында Қордай көшесінен М. Төлебаев көшесіне дейін – "Сотис групп" ЖШС;
  •  Еңлік Кебек көшесінің бойында Сұлтан Бейбарыс көшесінен Болашақ көшесіне дейін – "РЕКМА КЗ" ЖШС.

Енді мердігерлер өз қаражаты есебінен аталған жолдарды жөндейді. Жұмыстар ауа райы қолайлы болған кезде жүргізіледі.

Биыл Астанада шамамен 60 шақырым болатын 50-ден аса көше жөнделеді деп жоспарланып отыр.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!