Тоқаев бірнеше елдегі елшіні тағайындады

Тоқаев бірнеше елдегі елшіні тағайындады
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдегі елшіні тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Оңталап Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
  • Дәулет Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қанат Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
  • Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан