Ақмола облысында балабақшалардағы 78 балаға өтемақы төленбеген

Ақмола облысында балабақшалардағы 78 балаға өтемақы төленбеген
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында 78 балабақша тәрбиеленушісіне азық-түлік үшін өтемақы төленбеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуын талдау барысында 78 балабақша тәрбиеленушісіне азық-түлік үшін өтемақы төленбеу деректері анықталды.

Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатындағы азық-түлік шығындары мемлекет есебінен өтеледі.

Азаматтардың бұл санаттарына көпбалалы отбасылар, АӘК-ге мұқтаж отбасылар және халықтың осал топтарына жататын басқа да адамдар жатады.

Ал аудандық білім бөлімі көпбалалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларды азық-түлікке өтемақы төлеу тізіміне енгізбеген.

Осылайша, олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқығын бұзған.

Прокурорлық ден қою шаралары балабақшалардағы 78 балаға азық-түлік шығындарын өтелді.

Бұзушылықтар үшін білім бөлімінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек