Шаһ-Керім Кәрмен "Бір болайық" қатысушысын көңілдесі болуға шақырғаны рас па? Тележүргізуші жауап берді

Шаһ-Керім Кәрмен "Бір болайық" қатысушысын көңілдесі болуға шақырғаны рас па? Тележүргізуші жауап берді
Фото: "Taboo"

Танымал тележүргізуші Шаһ-Керім Кәрмен "Бір болайық" қатысушысын көңілдесі болуға шақырғаны рас па? Бұл сұраққа журналист өзі "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, алғашында бұл туралы естігенде мүлде мән бермеген. 

"Ақталудың өзі кінәлі болудың 50 пайызын меңзейді дейді ғой. Мен негізі басынан-ақ қандай жобаны жүргізуге бара жатқанымды білдім. Менің өмірімдегі ең басты приоритет - әкемнің айтқан сөзі - "Адам болып келдім өмірге, адам болып кетсем тілегім". Адам болып кету мен үшін ұрғашыларды жинау емес, өзіне бір жар тауып, өмірдің барлық тұсын сол адаммен бірге кешу. Мұндай жаланың кез келгеніне сенуге болады. Өзімнің бірінші сынағым және сол сынақтан сүрінбей өткенімнің белгісі сол кез болды. Кез келген адамға жала жауып жіберуге болады. Мен ол кезде тіпті ақталуға тырысқан жоқпын. Айтса, айта берсін. Мен өйткені аққа қанша жерден қара жақсаң да, оның қараймайтынын, тура осылай, қараға қанша жерден ақ жақсаң да, оның ағармайтынын білемін. Сондықтан ол ақпарат алғашында әлеуметтік желіге шыққан кезде Қымбат екеуміз тамақтанып отырдық және оны Қымбат бірінші көрді. Видеоны маған көрсетіп, "мына қыздың ісі тыныштық па?" деп сұрады, мен күлдім де "осылардың айтпайтыны жоқ" деп тамақтануды жалғастыра бердік. Біздің арамызда бір-бірімізге деген кішкентай болсын күмән жоқ. Оның үстіне, халық та күмәнданған жоқ", - деді ол.

Сонымен қатар, тележүргізуші қатысушының неліктен мұндай мәлімдеме жасағынын түсінбейтінін айтты.

"Оның неге бұлай жасағынан білмеймін. Әр адамның аласы ішінде. Мүмкін бізге ренжіген шығар. Ол қыз бірдің жобадан шығып, ұқсас басқасына кетті ғой. Әрине, екі бақталас жоба болғандықтан арада мәселе туды. Біздің жобада келісімшарт толтырылады, онда жобадан шыққан қатысушы кем дегенде 6 ай бойы ұқсас жобаларға қатысушы болып бармауы керек деген шарт бар. Осы секілді шарттарды бұзып, өз ісін ақтап алу үшін жасады ма немесе "бірінші болып шабуыл жасамасам, олар мені сотқа береді" деп ойлады ма, әйтеуір бір логикамен жасады", - деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін "Бір болайық" қатысушыларына жалақы төлене ме? Шаһ-Керім Кәрмен жауап бергені хабарланған болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә