Қостанай облысындағы ауылдарды еріген қар суы басты

Қостанай облысындағы ауылдарды еріген қар суы басты
Фото: ТЖМ

Күннің күрт жылуынан төрт облыста қар еріді. Еріген су ауылдарға ағылып, үйлерді су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысы Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, Саяжай ауылдарында ауа температураның айтарлықтай көтерілуіне байланысты қар тез ери бастады. Осы елді мекендерде 20 аула мен 12 жеке тұрғын үй су астында қалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә