"Кәрі әке боламын". A.Z лақапатымен танымал рэпер жеке өмірі туралы ашық айтты

"Кәрі әке боламын". A.Z лақапатымен танымал рэпер жеке өмірі туралы ашық айтты
Фото: instagram.com/xciii.ix.xxviii

Ninety one тобының бұрынғы мүшесі, A.Z лақапатымен танымал рэпер Азамат Зенкаев "Red bull 64 Bars" жобасына берген сұхбатында соңғы кездері өзін толғандырып жүрген уайымы туралы ашық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі үйленіп, әке атанғысы келіп жүргенін жеткізді.

"Соңғы кездері толғандыратын бір нәрсе бар. Әке болғым келіп жүр. Мен отыздамын, егер балам қазір туылса, ол 18 жасқа толғанда, мен 48-де боламын. Мен кәрі әке боламын ғой деген ойлар жиі мазалайды. Отбасын құру мәселесі ойландырады. Бірақ менің сүйікті қызым да жоқ. Мен отбасы құрсам, өнерім қалып қала ма. Уақытты дұрыс бөле алмай қалам ба. Үйім де жоқ. Сол сұрақтарды жиі ойлаймын. Отбасылы болу үшін жағдай керек. Сол себептен мен барлығына ашықпын, өнерге ғашықпын.
Айтпақшы, жақсы қыздар болса, маған жазыңыздар. Анкеталарыңызды жіберіңіздер. Болашақ әйелім міндетті түрде дәмді тамақ пісіру керек, үй жинау керек деген талаптарым жоқ. Қалағанын істесін. Ешқандай шектеу қойғым келмейді. Мен болашақ жарыммен дос болғым келеді. Оның ойын тыңдағым келеді. Барлығын қорықпай, ашық айтқанын қалаймын. Тамақ істегісі келмей ме, істемей-ақ қойсын. Қазір тапсырыс берсең, кез-келген тамақты есікке дейін жеткізіп береді. Ол мәселе емес", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Ойымда бар". Ninety One тобының экс-солисі топқа қайта оралуына қатысты пікір білдіргені хабарланған болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә