Астанада мұнара краны өртенді

Астанада мұнара краны өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Байқоңыр ауданындағы құрылыс алаңында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт 12-қабат деңгейіндегі кран кабинасынан шыққан. 

"Өрт толығымен сөндірілді. Өрт аумағы 1,5 шаршы метр болды. Кран машинисі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Өртті сөндіруге Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен 8 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі туралы хабарланған жоқ.

Еске салайық, былтыр шілдеде Астанада желдің салдарынан салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде мұнаралы кран құлаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!