Алматы облысында 18 жастағы қыз аяусыз өлтірілген

Алматы облысында 18 жастағы қыз аяусыз өлтірілген
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында 18 жастағы қыз аяусыз өлтірілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

Биыл 21 наурызда Алматы жол полициясы бөлімшелерінің біріне Алматы облысы аумағында адам өлімі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл ақпарат бірден тексерілді. Тергеу нәтижесінде 2006 жылы туған қыздың өлтірілгені анықталды. 

Осыған байланысты қылмыстық іс тіркеліп, алдын ала тергеу Қонаев ПБ қызметкерлеріне жүктелді.

Сол күні Алматы облыстық полиция департаментінің келісімімен жасалған қылмысты ашуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізіліп, кезекшілікте Алматы қаласының 2001 және 2003 жылы туған екі тұрғыны ұсталды. 

Тергеу барысында күдіктілер наурыздың 14-інен 15-іне қараған түні Қонаев қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан ашық, қаңырап бос жатқан жерде бола отырып, физикалық күш қолданып, қызды өлтіргені анықталды. 

21 наурызда бұлтартпау шарасын санкциялау үшін екі күдікті тергеу сотына ұсынылып, сот шешімімен қамауға алынды.

Күдіктілердің қылмыстық әрекеттері адам өлтіру, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша пайдакүнемдік ниетпен басқа адамды заңсыз қасақана өлтіру бабы бойынша сараланады.

Тергеу барысында кісі өлтіруді екі күдікті жасағаны сенімді түрде анықталып, олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес соталды тергеп-тексерудің барысы туралы өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек