Қарағандыда өрт салдарынан ер адам қаза тапты

Қарағандыда өрт салдарынан ер адам қаза тапты
Фото: Tengrinews

Қарағандыда өрт салдарынан ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Патриот Telegram-арнасының мәліметінше, өрт 17:48-де бесқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде шыққан. Өрт 30 минуттан кейін сөндірілді.

Бөлмелердің бірінен 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды.

Өлім себебін сараптама анықтайтын болады.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Видеода құтқарылған тұрғындардың бірі өртсөндірушілерге құтқарғандары үшін алғысын білдіреді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек